Тәңірберген Маратұлы Бердіоңғар 1976 жылы 1 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық заңгер.
1994-1995 жылдары – «31-канал» ТРК-ның журналисі;
1995-1997 жылдары – «31-канал» ТРК-ның жастар бағдарламалары редакциясының басшысы;
1997-1999 жылдары - «X television» ЖШС-нің бас директоры;
1999-2000 жылдары – «Отан» РСП төрағасының жастар саясаты мәселесі жөніндегі кеңесшісі;
2000-2004 жылдары – «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық кеңес төрағасының бірінші орынбасары, «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық штабының басшысы;
2004-2007 жылдары – үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі;
2005-2008 жылдары – «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жастар Парламентінің спикері;
2007-2011 жылдары – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Парламентіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы Әлеуметтік кеңесінің ғылым, білім, мәдениет және жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының теңтөрағасы;
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.
2013 жылғы қарашадан бастап – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.); «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 15 жыл» (2007 ж.); «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған «Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтағы жұмысы үшін» алғысхатын алған.
Тәңірберген Маратұлы Бердіоңғар
Последние статьи автора