Таңатқан Досқараұлы Абақанов
Таңатқан Досқараұлы Абақанов 1946 жылы 30 мамырда Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жобалау институтында инженер, аға инженер, топ басшысы болып қызмет атқарған. 1978-1980 жылдары - Қазақ өндірістік құрылыс ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. 1980-1982 жылдары - ОртаАзиялық дәнді дақылдар өндірісі ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, сектор меңгерушісі болған. 1986 жылдан - Сейсмология институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. 2007 жылдан бастап Сейсмология институтының директоры.
Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, 130-ға жуық ғылыми жұмыстың авторы.