Тамара Қасымқызы Дүйсенова
Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады. 1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті. 1992-1993 жылдары - Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті. 1993 - 1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы. 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2002-2006 жылдары -Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылдың ақпанынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылдың 10 маусымынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 2013 жылдың маусымынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.