Сұлтан Нысанбаев
Сұлтан Нысанбаев 1934 жылы 15 тамызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген. 1958 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы (1989).
1958–1973 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданында, Қазақ КСР-і Астық өнімдері министрлігі жүйесінде, Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау коммитетінде еңбек етті. 1973–1983 жылдары ҚазМУ-да оқытушы, доцент, 1983–1989 жылдары кафедра меңгерушісі болған. 1989 жылдан осы университетте профессор қызметін атқарады.
1988 жылы «Совершенствование ценообразования и повышение качества продукции (Вопросы теории и методологии)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғалымның еңбектерінің негізгі бағыты ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру негізінде өнім сапасын, баға құрылымын жақсарту мәселелеріне арналған.