Сүйіншілік Әмірхамзаұлы Тиесов 1946 жылы 24 тамызда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Техника ғылымының кандидаты.
1969-1971 жылдары - «Энергожүйежоба» ғылыми-зерттеу институтының инженері. 1971-1984 жылдары - Қазақ КСР Энергожүйелері біріккен диспетчерлік басқармасының аға инженері, топ жетекшісі, сектор бастығы. 1984-1987 жылдары - «Целинэнерго» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1987-1995 жылдары - «Атырауэнерго» өндірістік бірлестігінің бас инженері, бас директоры. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Электроэнергетика департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы. 2000-2004 жылдары - «KEGOC» ААҚ-ының вице-президенті, «Ақмола жүйеаралық электр желісі» филиалының директоры. 2004 жылдан бастап «КОРЭМ» АҚ-ның басқарма төрағасы.
3-дәрежелі «Барыс» орденімен және медальдармен марапатталған.
Сүйіншілік Әмірхамзаұлы Тиесов
Последние статьи автора