Шота (Шот-Аман) Ыдырысұлы Уәлиханов

Шота (Шот-Аман) Ыдырысұлы Уәлиханов

Шота (Шот-Аман) Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік сәулет институтын бітірген. Белгілі қазақ мүсіншісі, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының төрағасы.
1956-1965 жылдары Қазақ қала құрылысын жобалау институтында, КСРО құрылыс және сәулетші академиясы Қазақ бөлімшесінде сәулетші, кіші ғылыми қызметкер болды. 1966-1967 жылдары Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары. 1967-1970 жылдары Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылыми қызметкер. 1971-1978 жылдары ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының орынбасары. 1976 жылдан ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының бірінші орынбасары. 1973-1982 жылдары Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы. 1975 жылдан КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы. 1982 жылдан Қазақ азаматтық село құрылысын жобалау институтында бас сәулетшісі. 1990-1995 жылдары ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтындағы өнер және сәулетші бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан ҚР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төрағасы әрі Халықаралық Абылай хан қорының президенті.
Шота Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды, 1970), Ә. Жангелдин, Т. Бокин (екеуі де 1975), Ғ. Мұратбаев (1984), Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Т. Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы А. Байтұрсынов (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т. б. ескерткіштері; Д. Қонаев бюсті (1985), Тәуелсіздік монументі (1996, жоба авторы әрі жетекшісі). 1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауда ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба (Герб) авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар мен бірқатар драмалық шығармалардың да («Шоқан», алғаш рет 1962 жылы қойылған; «Ағнұр», 1982; «Тағдыр», 1984; «Террор», 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлар сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12-13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975; Мехико, 1978; Пекин, 1999) қатысты. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста