Шерубай Құрманбайұлы
Шерубай Құрманбайұлы 1964 жылы 27 қарашада Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1991-1996 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы. 1996-2005 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2005-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдер жөніндегі комитетінің төрағасы. 2009-2011 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры. 2011-2012 жылдары - ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. 2012-2013 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдан ҚР Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті директорының орынбасары.
Медальдармен марапатталған.