Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов

Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов

Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов 1949 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданының Шілік ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын тәмамдаған, инженер-құрылысшы-технолог. Техника ғылымдарының кандидаты (1988), докторы (1998). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатының негізіндегі модификацияланған майда ұнтақталған көп құрамдағы тұтқыр заттардың технологиясы». Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті (1995). СРЕ Академиялық кеңесінің және Сократ атындағы Номинациялық комитеттің (Оксфорд қ., Ұлыбритания, 2009) мойындауы бойынша Вена қаласының Халықаралық университетінің құрметті профессоры. Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының белсенді мүшесі (Калифорния, АҚШ, 1997).
1964 жылдың наурызынан - Шымкент облысы Қызылқұм ауданы «Шілік» кеңшарының тракторшысы. 1966 жылдың тамызынан - Қазақ химия-технология институтының студенті. 1971 жылдың тамызынан - ҚазКСР Ауыр құрылыс министрлігі «Шымкентөнеркәсіпқұрылыс» тресінің шебері, цех бастығы, бас инженері, құрылыс материалдары комбинатының директоры. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитетінің хатшысы. 1991 жылдан - «Қазконтракт» АҚ вице-президенті; ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау Оңтүстік Қазақстан бас аумақтық басқармасының бастығы. 1999 жылдан - «Оңтүстік» ЖАҚ президенті. 2003 жылдың наурызынан бері - «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті.
«Құрмет белгісі» орденімен; «Білім беру саласының маценаты – 2008», «Алтын Жүрек» (2008) алтын медальдарымен, «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі» (2006), «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (2008) «Біріккен Еуропа» беделді халықаралық марапатымен, «Парыз» алтын мүсіншесімен (ҚР Президенті тағайындаған, 2008), «Қамқорлық» мүсіншесімен (ОҚО әкімі белгілеген, 2008), ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Еуропа бизнес ассамблеясының мойындауы бойынша «Жыл менеджері» (Оксфорд қ., Ұлыбритания, 2009). Шымкент қалалық және Еңбекші аудандық халық депутаттары кеңестерінің депутаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1994, 2008) болып сайланған. «Отан» партиясы бірінші съезінің делегаты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста