Серік Жұбандықов Сағидоллаұлы 1952 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған.
Ленинград кинорежиссерлер институтының дыбыс техникасы факультетін бітірген (1974), дыбыс режиссері. 1974 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының дыбыс цехының инженері. 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - ҚазКСР Мемкино кино-өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері, бөлім бастығы. 1980 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары. 1982 жылдан - ҚазКСР киноөндірісі бөлімінің бастығы. 1988 жылдан - «Қазкинодеталь» ӨБ бас инженері. 1992жылдан-«Қазақкино» концерні төрағасының орынбасары. 1995жылдан - «Қазақкинопрокат» ӨБ бас директоры. 1998 жылдан -«Еуразия» I Халықаралық кинофөстивалі бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - «Көшпенділер» киножобасының директоры, қосымша қызметте атқарушы продюсері.2005 жылдан - «Еуразия» II Халықаралық кинофестивалі бас директорының орынбасары. 2005 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржы директоры. 2008 жылдан бері - Ұлттық продюсерлік орталықтың атқарушы директоры. «Тот, кто нежнее», «Казнь после смерти», «Омпа», «Көшпелілер» кинофильмдерінің продюсері. «Кардиограмма», «Шұға» кинофильмдеріне түскен. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002). КСРО кинематографиясының үздігі (1980). «Қазақфильм» АҚ Ұлттық продюсерлік орталығының атқарушы директоры.
Серік Жұбандықов Сағидоллаұлы
Последние статьи автора