Серік Жайлауұлы Пірәлиев 1952 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Ақбиік ауылында дүниеге келген. 1976 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Педагогика ғылымының докторы (2002), профессор (2004). ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1999).
1976-1985 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер ҚР Білім министрлігінде бөлім меңгерушісі, 1985-1995 жылдары Жоғары оқу орны басқармасы бастығының орынбасары, халықаралық байланыс жүйесі басқармасының бастығы, 1995-1997 жылдары ҚР Министр Кабинетінде сектор меңгерушісі, 1998-1999 жылдары Білім министрлігі Жоғары және орта арнаулы білім басқармасы бастығының орынбасары, 1999-2003 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) ректоры, 2003-2008 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті болды. 2008 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры.
Серік Жайлауұлы Пірәлиев
Последние статьи автора