Серік Кенжебекұлы Сүлеймен
Серік Кенжебекұлы Сүлеймен 1956 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген, ғалым-агроном, экономист. Еңбек жолын Жымпиты ауданы «Бұлдырты» кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1979-1992 жылдары агроном, бас агроном, бас экономист, Жымпиты аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.
1992-2005 жылдары Сырым ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қаратөбе ауданының әкімі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы болды. 2005 жылдың қаңтарынан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007 жылдың қыркүйегінен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.