Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.
1969-1975 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, 1975-1976 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, 1976-1978 жылдары - Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы, 1978-1986 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы, 1986-1991 жылдары - Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі, 1991 жылы - «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары, 1991-1993 жылдары -экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, 1993-1994 жылдары - «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы, 1994-1995 жылдары - «Арай-Заря» журналының бас редакторы, 1995-1999 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы, 1999 жылдың қаңтарынан - «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы, 2002-2003 жылдары - «Эпоха» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жылдары - «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы қызметтерін атқарған. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.
«Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации» атты кітаптарының авторы.
Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам
Последние статьи автора