Шәрбану Құмарова

Шәрбану Құмарова

Шәрбану Құмарова (Гүл-Шарбан) 1936 жылы 13 мамырда Алматы облысының Есік қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін бітіреді. Сол жылы «Қыз сыры» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. 1961–1966 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1966–1968 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968–1972 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (бүгінде «Парасат») журналында жауапты хатшы. 1972–1974 жылдары М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1976–1986 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналдарында қызмет етті. 1991 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Құрмет» орденінің иегері. Алматы облысы Есік қаласында Ш.Құмарова атындағы көше бар.
Шығармалары: Қыз сыры. Әңгіме-новеллалар. «Жазушы», 1961; Терезелер. Новеллалар. «Жазушы», 1964; Қос шынар. Әңгіме, повесть. 1968; Сәуірдің ақ таңы. Повестер. «Жазушы», 1971; Қазбауыр бұлттар. Әңгімелер. «Жалын», 1980; Белое утро апреля. Рассказы-новеллы, «Жазушы», 1978; Қызыл қайың. Әңгімелер. «Жалын», 1979; Женщине сорок лет. Повесть. «Советский писатель», 1980; Өмірім менің – өнерім. Деректі роман (Шара Жиенқұловамен бірге жазылған.) «Жазушы», 1983; Әйел шырағы. Повестер. «Жазушы», 1985; Жердің тұзы. Әңгіме, повестер. «Жазушы», 1991; Құлжа жолы. Повестер, әңгіме-эссе. «Жазушы», 1977; Сезім патшалығы. Роман. 1 кітап. «Ана тілі», 2003; Сезім патшалығы. Драмалық шығармалары: «Кімнің тойы» Комедия (М.Әуезов театрында Роман. 2 кітап. «Ана тілі», 2005; 1977–1979 жж. қойылған). «Бір бойдақтың хикаясы». (Халық театрларында қойылған); «Қара сандық». Драмалық повесть; «Күләш–Шара». («Өмірім менің – өнерім» кітабының желісі бойынша).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста