Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева 1942 жылы 10 қазанда Алматы облысы Қаскелең ауданы Киров ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін, 1981 жылы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің қоғамдық ғылым академиясын тәмамдады.
1970-1991 жылдары КПСС мүшесі. 1966 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірісімен, Алматы облысы, Тұрар Рысқұлов ауылының Киров атындағы сегіз жылдық, мектебінде орыс тіл мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1968-1970 жылдары аралығында Алматы кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық ЛКЖО комитетінде бөлім бастығы, 1971-1973 жылдары Қаскелен аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1973-1977 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірнші хатшысы болды. 1977 жылы қыркүйек айында Алматы қалалық, Совет аудандық Коммунистік партиясының бірнші хатшысы, 1982 жылдың қазан айында Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы болды. 1987-1989 жылдары Алматы қаласының № 12 орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 1989-1997 жылдары ҚР Білім министрлігінің орынбасары, 1997-1998 жылдары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасыньң елшілігінің бірінші хатшысы болды. 1998-1999 жылдары Алматы облыстық Оқу бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты. 2002-2003 жылдары ҚР Ғылым және білім министрі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусым айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болды.
Шәмша Көпбайқызы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 10 шақырылымының депутаты, 1999 жылы ҚР Парламентінің екінші шақырылымының депутаты, "Отан" (Отчизна) партиясының мүшесі, ҚР Парламент сенатына депутат болып тағайындалды.
"Құрмет белгісі" (1981), Еңбек Қызыл Ту (1976), "Құрмет" (2001) ордендерімен, "За доблестный труд" (1970), "За трудовое отличие" (1972) медальдарымен, ҚР Жоғарғы Советінің грамотасымен (1971), Қаз. ССР Жоғарғы Советі президиумының құрмет грамотасымен (1975) марапатталған. "Ізгілікті іздеп жүрмін" (2001 жыл) кітабының авторы. 2010 жылы 7 желтоқсанда Парасат орденімен марапатталды.
Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева
Последние статьи автора