Сәлкен Қалдыбекұлы Жартыбаев 1965 жылы 29 наурызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шымбұлақ ауылында дүниеге келген. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992). Дзюдодан (1988), қазақша күрестен (1981) спорт шебері. Алғашқы жаттықтырушысы — С.Қасымов. Кейіннен самбодан М.Жақитовтың, ал дзюдодан С.Төкеевтің жетекшілігімен жаттықты. Самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (Минск, Беларусь, 1986), КСРО кубогінің күміс жүлдегері (Майкоп, Ресей, 1988), “Азия жұлдыздары” турнирінің жеңімпазы (Ұлан-Батыр, Моңғолия, 1991), дүниежүзі чемпионаттың күміс жүлдегері (Минск, Беларусь, 1992), Қазақстан кубогінің жеңімпазы (Алматы, 1992), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Ұлан-Батыр, Моңғолия, 1993), дүниежүзі чемпионаттың қола жүлдегері (Омбы, Ресей, 1993), Азия чемпионы (Алматы, 1994), дүниежүзі чемпионаттың қола жүлдегері (Новый Сад, Сербия, 1994), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Пеневежис, Литва, 1994). 1992, 1993, 1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанды. Дзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болды. Қазір Жамбыл облыстық №1-мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебінің директоры.
Сәлкен Қалдыбекұлы Жартыбаев
Последние статьи автора