Саят Қамшыгер 1978 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда мұғалім, Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернатта оқытушы, «Қайнар» университетінде аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 2005 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші қызметін атқарған. Қазір «Мөлдір бұлақ» журналында бас редактордың орынбасары.
1996 жылғы «Поэзия көктемі» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 1998 жылы «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жас ақындар мүшәйрасының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мүшәйраның, Астананың 10 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның, «Алаш және рух» жыр мүшәйрасының жүлдегері.
1999 жылы «Білім» баспасынан шыққан «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты студент ақындардың жыр жинағына, 2006 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Сары гүл» атты тұңғыш кітабы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 2008 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинағының авторы. «Сәуір құрылтайы. 2002 жыл» (2007), «Алматының жүрегіндей Алмалы» (2006) кітаптарының құрастырушысы.
Саят Қамшыгер
Последние статьи автора