Саябек Қуанышбекұлы Сахиев 1971 жылы 27 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келді. Физика-математика ғылымдарының докторы, "Нұр Отан" ХДП Халықаралық байланыс департаментінің директоры.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және аспирантурасын, Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1995-2000 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы. 2000-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маманы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кадр және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының бастығы. 2005-2008 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты бағдарламалар және сыртқы байланыс мониторингі департаментінің директоры, әлеуметтік-экономикалық саясат департаментінің директоры, идеология департаментінің директоры, «Нұр Отан» ХДП төрағасы қызметін атқарушысының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - "Нұр Отан" ХДП Халықаралық байланыс департаментінің директоры.
90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Домбыра сыныбы бойынша Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты.
Екі медальмен марапатталған.
Саябек Қуанышбекұлы Сахиев
Последние статьи автора