Сабыр Айдарбекұлы Имандосов
Сабыр Айдарбекұлы Имандосов 1946 жылы 27 қарашада дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Институтты аяқтағаннан кейін 1971 жылғы шілдеге дейін ауысым мастері, Текелі ҚМК, Көксу кенішінің бастығы болып жұмыс істейді.
1971-1974 жылдары КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жоғары мектеп тыңдаушысы (Мәскеу). 1974-1981 жылдары оперуәкіл, аға оперуәкіл, Талдықорған облысы бойынша МҚК бөлімінің бастығы (Талдықорған қаласы). 1981-1989 жылдары Қарағанды облысының МҚК бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары (Қарағанды қаласы). 1989-1992 жылдары КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басқару жұмыстарын атқарады (Мәскеу қаласы). 1992-1995 жылдары Солтүстік Казақстан облысы бойынша Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басқармасының бастығы (Петропавловск қаласы). 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде басшылық қызметтерде, Министрдің кеңесшісі. 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі болып қызмет атқарды.
1979 және 1980 жылдары Ауғанстан Республикасында қызметтік іссапарда болды. Әскери атағы - генерал-майор.
КСРО жэне Казақстан Республикасының Үкімет сыйлығымен және бірнеше 15 медальмен марапатталған.