Сәбит Нұрмаханұлы Қожаметов
Сәбит Нұрмаханұлы Қожаметов 1967 жылы 16 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бугуруслан азаматтық авиация ұшқыштар училищесін, Киев азаматтық авиация инженерлері институтын, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.
1987-1997 жылдары «Қызылордаавиа» АҚ ұшқышы, әуежай директоры; 1997-2000 жылдары - «Эйр Қазақстан» ЖАҚ Қызылорда қаласындағы өкілдігі директорының орынбасары, Астана қаласындағы өкілі, Пәкістанның Карачи қаласындағы өкілдігінің менеджері; 2000-2001 жылдары «Қызылорда әуежайы» ААҚ басқарма төрағасы; 2001-2003 жылдары - «SPORT-TOUR SERVICE» ЖШС бас директоры; 2003-2006 жылдары - «ЭКОС-ПВ» тіркелген сарапшылық орталығы» бас директоры; 2006-2007 жылдары - «Қазавиамет» РМК бас директоры, ҚР ҚОҚМ «Қазаэросервис» АҚ президенті, Женева қаласындағы Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі; 2007-2008 жылдары - ҚР ТКМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары; 2008-2009 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2009-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары және ҚР Президнентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі.