Руслан Рүстемұлы Рүстемов
Руслан Рүстемұлы Рүстемов 1968 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне түсіп, 1994 жылы «филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеді. 1994 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының машықтанушы оқытушысы. 1995-1996 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 1996-1997 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының «Филология» оқу-ғылым кешені директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы, кеңесшісі, қала әкімінің баспасөз хатшысы. 1998-1999 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мәселелер және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 1999-2002 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2002-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі. 2008-2010 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары. 2010-2011 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2011-2013 жылдары «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2014 жылдың 2 шілдесінде облыс әкімінің №458-өкімімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.