Руслан Амандосұлы Ақанаев
Руслан Амандосұлы Ақанаев 1968 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендірушілік факультетін бітірген, суретші-безендіруші. Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, мүсін, фотоарт.
1989 жылдан - суретші-безендіруші. Жұмыстары «Шығыстық галерея» (Мәскеу қаласы), «Алыс әлемдер» (Вашингтон қаласы), «Has Sanat» (Астана қаласы), «Трибуна» (Алматы қаласы) галереяларында қойылған. Жұмыстары ҚР Президентінің (2005), Ресей, Германия, Франция, Америка, Канада, Қазақстан, Лихтенштейн, Швейцарияның жеке коллекцияларында сақталуда. «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы, 1993), «Ел жастары» (Мәскеу қаласы,1986) көрмелеріне қатысқан. Мәскеу (1995), Эрфурт (1994), Вашингтон (1999), Астана (2004), Алматы (2002) қалаларында жеке көрмелер өткізген.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1993).
Грамоталармен, дипломдармен, «Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жоюға қатысушы» медалімен марапатталған (Сарыөзек қаласы, 1998).