Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семей инженерлік-технологиялық институтын тәмамдаған. Жазушы, драматург, «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі.
Облыстық комсомол комитетінде қызмет істеген. Кейін М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған.
Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев
Последние статьи автора