Рахым Базаргелдіұлы Балабиев
Рахым Базаргелдіұлы Балабиев 1936 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Кентау тау-құрылыс техникумын, Мәскеу политехникалық институтын бітірген. 1961-1978 жылдары - Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінің жүргізушісі, автоколонна бастығы, бас инженері. 1978-1984 жылдары - Түлкібас жүк тасымалдау мекемесінің директоры. 1984-1988 жылдары - Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінің бас инженері. 1988-2001 жылдары - Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. Қазір шығармашылық қызметте. Республикалық, облыстық, аудандық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Оның өлеңдері төрт ұжымдық жинаққа енген. «Жан сыры», «Төскейсаз», «Жүректерге жол іздеу», «Жел қайық», «Саңғылдар», «Аспандағы жұлдыздар», «Жырымды саған арнадым», Екі дүние нұры» атты кітаптары жарық көрген.
Кентау қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы қажылар ассоциациясының мүшесі, Кентау филиалының төрағасы, Кентаудағы «Қаратау Тәжі» шығармашылық бірлестігінің төрағасы.
Көптеген медальмен марапатталған.