Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаев
Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаев 1940 жылы 26 мамырда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы. Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын (1961), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Атырау, Жаңаөзен қалалық партия комитеттерінің І хатшысы, Махамбет аудандық партия комитетінің І хатшысы (1975–1993), «Теңізшевройл» қазақ-америка біріккен кәсіпорнының директоры, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібі министрі (1993–1994), Атырау облысының әкімі (1994–1998) болды. 1999 жылдан дипломатиялық жұмыстар атқарды. 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болды. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.