Раушан Біргебайқызы Сәрсембаева

Раушан Біргебайқызы Сәрсембаева

Раушан Біргебайқызы Сәрсембаева 1956 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1977 Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымның кандидаты, саяси ғылымның докторы. Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының Президенті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссияның мүшесі.
1995 жылдан қазіргі кезге дейін Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығын басқарып келеді, қауымдастық қатарында 1000 аса мүше және 20 аймақтық филиалдар бар. Раушан Сәрсембаева көптеген жобалар мен шаралардың ұйымдастырушысы және басқарушысы. Олардың қатарында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы», «Жұмыссыз әйелдерді қайта даярлау мен оқыту», «Әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту» және т.б. жобалар бар. 2009-2012 жылдары осы жобаның аясында 2000 аса әйел оқып, 80 пайызы жұмысқа тұрды, 10 пайызы өз кәсібін ашты.
Раушан Сәрсембаеваның басқаруымен елде әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының желісі жұмыс істеп, әр аймақта және аудандарда іскер әйелдері қауымдастығының филиалы ашылды. Олардың қызметі қоғамда әйелдердің мәртебесін көтеруге, әйелдердің әлеуметтік және өмірлік қалыптасуына әрекет етуге арналған. Көптеген жылдар бойы Қауымдастық үлкен шараларды жүзеге асыруда, олардың қатарында «Қанатты әйел» атты республикалық көрмесі, «Ажар» атты Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық марапаттау ұлттық сыйлығы, Әйелдердің Еуразиялық Саммиті, «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» және т.б. жобалар бар. Бұл жобалардың барлығы саясатта, отбасында, қоғамда әйелдердің рөлін көтеруге бағытталған.
«Құрмет» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста