Рақымжан Тұрысбек
Рақымжан Тұрысбек 1958 жылы 14 маусымда Жамбыл облысы, Талас ауданында (Аққұм ауылы) дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1980 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірген соң, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1993-1994 жылдары ҚазМҰУ-да оқу ісін ұйымдастырушы, деканның орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасында доцент, профессор болып еңбек етті. ҚазМҰУ-дың М.Әуезов атындағы әдеби бірлестігінің жетекшісі болды. Қазір Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді.
«Достық мектебі» («Мектеп», 1989), «Дүниетаным және шығармашылық» («Санат», 1993), «Көркемдік таным» («Шабыт», 1995), «Сөз сарасы» («Мектеп», 1997), «Жүсіпбек» («Санат», 1997), Жүсіпбек Аймауытұлы және 20-жылдардағы қазақ прозасы» («Қазақ университеті», 1998), «Ар айнасы» (Зерттеу. «Қазақ университеті», ІІ томдық. –Ітом, 2000; ІІ том, 2001), «Ж.Аймауытұлының әсемдік әлемі» («Қазақ университеті, 2003), «Парыз бен парасат» («Қазақ университеті», 2003). «Қазақ билері», «Бес арыс», «Бес бәйтерек», т.б. танымдық кітаптардың, зерттеу еңбектерінің, оқу бағдарламалары мен көмекші құралдардың авторы.