Райымбек Жолдас
Райымбек Жолдас 1954 жылы 13 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Китаевка селосында дүниеге келген. 1974 жылы Шымкент педогогика институтын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 1988 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
1974-1977 жылдары Алғабас ауданы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің мұғалімі. 1977-1978 жылдары Қазақстан ЛКСМ Алғабас аудандық комитетінің бөлім бастығы. 1978-1980 жылдары Қазақстан ЛКСМ Алғабас аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1980-1984 жылдары Қазақстан ЛКСМ Алғабас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1984-1989 жылдары Алғабас ауданы Майбұлақ совхозы партия комитетінің хатшысы. 1989-1990 жылдары Халық депутаттары Алғабас аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары Алғабас ауданы Қостұра совхозының директоры. 1992-1993 жылдары Алғабас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1993-1998 жылдары Алғабас ауданы «Алғабас» өндірістік коммерциялық ассоциациясының президенті. 1998-2003 жылдары Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округінің әкімі. 2003-2006 жылдары Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының жетекшісі. 2006-2009 жылдары Бәйдібек ауданы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары. 2009-2010 жылдары Бәйдібек ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 2010-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі. 2013 жылдың маусым-шілде айларында Ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы.
2013 жылғы 31 шілдеден бастап Оңтүстік Қазақстан облысы туризм басқармасының басшысы.