Райхан Нәбиолдақызы Қалиолдина
Райхан Нәбиолдақызы Қалиолдина 1962 жылы 12 шілдеде Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы мемлекеттік театралды-көркемөнер институтын бітірген. Драма және кино актрисасы.
1983 жылдан бері - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актрисасы. Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері - Ақтоқты» (Ақтоқты), М. Әуезовтің «Алуа» (Жанар), М. Баджиевтің «Ерте, ерте, ертеде» (Зимха ханшайым), У. Шекспирдің «Махаббат айдыны» (Ева), Е. Елубаевтың «Асар» (Мекиен), М. Ахмановтың «Алдардың айласы» (Сипр) және өзге де спектальдерде ойнайды.
«Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.