Райхан Мәженқызы 1956 жылы 7 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында туған. 1978 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің математика факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын Сарыжаз орта мектебінде хатшы-референт болудан бастаған. 1978–1979 жылдары Сарыжаз орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1979–1994 жылдары Алматы қаласындағы республикалық «Мектеп» баспасының физика-математика редакциясында редактор, 1994 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспа бағдарламаларын қалыптастыру және кітап өнімдерінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
«Санауды үйренейік» (1995), «Гүлге тұнған шық» (1997), «Балдырғандарға арналған математика» (2000), «Мектеп жасына дейінгі балалардың математикаға қызығушылығын халықтық педагогика негізінде қалыптастыру» (2001), «Сауат ашу», «Әліппе-дәптер» (2002, 2004, 2006, 2007), «Бәрін, бәрін білгім келеді» (2006) «Ақ қайыңның шырыны неге тәтті?» (2007), «Қазақстан кітап музейі» кітап-альбомы (2007) т.б. оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Қазақстан Республикасының «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Райхан Мәженқызы
Последние статьи автора