Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов 1955 жылы 30 тамызда Алматы облысы Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жылдар аралығында Қазақтың Еңбек Қызыл ту орденді ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған.
1979-1981 жылдары Алматы облысы, Қаскелең ауданы Жандосов атындағы кеңшардың спорт әдіскері, кейіннен сол шаруашылықтың №8 бригадасының бригадирі, аға агрономы. 1981-1985 жылдары №6 Ұзынағаш селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры. 1988-1994 жылдары №11 селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры. 1988-1994 жылдары Жандосов атындағы кеңшардың бас агрономы, Шамалған ауылдық әкімшілігінің басшысы, Қаскелең аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1995-1998 жылдары «Асар ЛТД» ЖШС-нің директоры. 1998-2001 жылдары облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің Қаскелең аудандық филиалының төрағасы. 2001-2005 жылдары Алматы облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жер ресурстарын басқару Алматы облыстық аумақтық басқармасының бастығы. 2005-2011 жылдары Қаратал ауданының әкімі, 2011 жылдың 8 тамызынан Райымбек ауданының әкімі. 2014 жылдың 26 тамызында Алматы облысы Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.