Құттықожа Ыдырысов
Құттықожа Ыдырысов 1951 жылы 1 маусымда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Қызылорда облысы ІІБ ЕТМ ЗЭК-169/2 мекемесінде аға нормалаушы болып жұмыс істеген. 1969 - 1970 жылдары - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен кеңшарының жұмысшысы. 1970-1974 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының студенті. 1974-1974 жылдары - Қызылорда облысы ІІБ ЕТМ ЗЭК-169/2 мекемесінде аға нормалаушы. 1974-1975 жылдары - Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеген. 1976-1977 жылдары - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен кеңшарының бухгалтері. 1977-1984 жылдары - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен кеңшарының бас экономисті. 1984-1985 жылдары - Қызылорда облыстық шаруашылығының бухгалтер-тексерушісі. 1985-1986 жылдары - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыру-ұжымшар бөлімінің бастығы. 1986-1991 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімінің аға тексеруші-инспекторы. 1991-1992 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімінің бастығы. 1992-1993 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімі бастығының орынбасары – бастығы. 1993-1995 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1995-2004 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасы қазынашылығының бастығы. 2004-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бастығы. 2010-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.