Құндыз Шамахұлы Нупов 1953 жылы 7 наурызда РКФСР Саратов облысының Майка кентінде дүниеге келді. Саратов политехникалық институтын (1979) инженер-экономист мамандығы бойынша үздік; Алматы жоғары партия мектебін (1990) үздік; Оксфорд бизнес-колледжін халықаралық мұнай-газ бизнесі бағдарламасы бойынша бітірген (1992). Экономика ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ҚР мұнай-газ саласындағы инвестициялардың тиімділігін бағалау». Қазақ ақпараттық технологиялар және басқару институтының құрметті профессоры (2009 жылдан).
1979 жылдан - инженер, АКК бастығының орынбасары, Орал облыстық автобасқармасының белім бастығы, «Трансагенттік» АКК бастығы. 1984 жылдан - Орал облысының партия және мемлекеттік органдарында қызметте. 1991 жылдан - «Қазақгаз» МХК вице-президенті және сонымен бір уақытта, 1998 жылдан - ҚР энергетика, индустрия және сауда министрінің кеңесшісі. 1996 жылдан - Орал қаласы Промышленный аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - БҚО Бөрілі аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдан бері - «КАТЭК» жобалау-зерттеу компаниясының президенті (Алматы қ.). 2008 жылдан – сонымен бір уақытта, «ҚазТрансГаз» АҚ тәуелсіз директоры. Жарияланымдардың авторы және мұнай-газ кешені бойынша бірқатар стратегиялық жобаны әзірлеуші: 2004-2010 жылдардағы ҚР газ саласын дамыту бағдарламасы. ҚР мұнай химиясын дамытудың Бас жоспары, Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы Қызылорда және Алматы облыстарының газификация бағдарламасы; Қытайға экспорттық газ құбырын тартуды, Астана қаласын газификациялау және Қарашығанақ ГӨЗ құрылысын негіздеуге басшылық еткен; консорциум құрамында «Бейнеу-Шымкент» магистральдік газ құбырының құрылысы» жобасын орындаған және т.б. Қарашығанақ кен орнын зерттеу үшін инвесторларды таңдау жөніндегі ҚР Үкіметінің жұмыс тобына басшылық еткен (1992), «2030 стратегиясы» шектерінде ҚР мұнай газ кешенінің мәселелерін зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысқан (1997), Еуропалық Энергетикалық Хартия шартына энергия көздерінің халықаралық транзиті принциптерін әзірлеу женіндегі ҚР өкілі болған (1998-2000).
«Астана» медалімен; «Халықтар достығы» (ЧКСР); «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Қызылорда облысына 70 жыл» төс белгілерімен; ҚР ЭМРМ құрмет грамотасымен марапатталған.
Құндыз Шамахұлы Нупов
Последние статьи автора