Құмар Іргебайұлы Ақсақалов
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы 24 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. 1982-1987 жылдары В.П. Горячкин атындағы Ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлерінің Мәскеу институтында оқыды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1987-1989 жылдары Қостанай облысы «Крыловский» кеңес шаруашылығының бас инженері. 1989-1991 жылдары Қазақстанның ЖЛКО Сарыкөл аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 жылдары Қостанай облысы «Маяк» кеңес шаруашылығының бас инженері. 1992-1993 жылдары Қостанай облысы «Новоселовка» шағын мемлекеттік кәсіпорынының директоры. 1993-1996 жылдары Қостанай облысы «Кустанайское» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары Қостанай облысы «Север» ұжымдық шаруашылығының төрағасы. 1998-2002 жылдары Қостанай облысы Мендіқара ауданының әкімі. 2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2011-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен (2005), "Құрмет" орденімен (2011) марапатталған.