Құлкерім Елемес 1963 жылы 5 қарашада ҚХР-дағы Шыңжаң өлкесі, Бұратала /Буратал/ облысы, Жың (Жыңғылды) ауданына қарасты Қызылүй деген жерде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң, екі жыл ұстаз, 1986–1991 жылдары Іле Қазақ автономиялы облысының «Іле» газетінде бөлім редакторы, 1991–1993 жылдары Шыңжаң халық радиостанциясында әдеби қызметкер болған. 1994 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударған. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ елі» газеттерінде тілші, «Жалын» баспасында аға редактор болып жұмыс істеген. Қазір республикалық «Балдырған» журналында бөлім редакторы.
«Ақ жалын» атты тұңғыш жыр жинағы 1988 жылы Шыңжаңда, «Жұлдызды түн» кітабы Алматыдағы «Құсжолы» баспасынан /2002/, «Жетінші аспан» жыр кітабы Астанадағы «Елорда» баспасынан /2002/ жарық көрді. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабын аударған.
Алматыда өткен «Дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының» екі дүркін жүлдегері.
Құлкерім Елемес
Последние статьи автора