Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек

Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек

Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек 1952 жылы 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Ақынтоғай ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1975-1976 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, 1976 жылы республикалық Халық шығармашылығы үйінде аға методист, 1976-1978 жылдары С.Мұқанов мұражай үйінде аға ғылыми қызметкер, 1978-1980 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті әдебиет және өнер бөлімінде тілші, аға тілші, 1980-1987 жылдары ғылым бөлімінің меңгерушісі. 1987-1990 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті әдебиет және өнер бөлімінде тілші, аға тілші, 1990-1992 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, «Ақиқат» журналында тілші, бөлім меңгерушісі, консерваторияда аға оқытушы, 1992-1997 жылдары Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, профессор, «Қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары әдебиеті» кафедраларының меңгерушісі, тарих-филология факультетінің деканы, ректордың ғылыми істері жөніндегі проректоры болып қызмет істеді. 1996-1999 жылдары ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер, қазіргі әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімінің руханият мәселелері жөніндегі орынбасары, облыстық Әкімі аппараты бастығының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, облыс әкімі кеңесшісі болып қызмет атқарды. Қазір Яассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті, ҚР Білім және ғылым министрі өкілі қызметін атқаруда.
1991 жылы «Адасқандар» романының шығармашылық тарихы» атты тақырыпта кандидаттық, 1995 жылы «С.Мұқановтың шығармашылық шеберханасы» деп аталатын тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ағымдағы баспасөзде 600-ден астам мақаласы жарияланды. «Адасқандар ақиқаты», «Терең тамырлар» повесть-зерттеулері кітап болып шықты. «Жан жылуы» (1981), «Мейірім шуағы» (1985), «С.Мұқанов» (1989), «Жақсыдан қалған сөз» (1991), «Баян-ғұмыр» (1991), «Өтебай Тұрманжанов» (1992), «Жазушы шеберханасы» (2002) аталатын сын-зерттеу монографиялық еңбектері жарық көрген. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқара жүріп, М.Базарбаев, С.Қирабаев жетекшілігімен қайта жазылып жатқан «Қазақ әдебиеті тарихы» аталатын ғылыми еңбекке арнай тараулар жазды.
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (2004) оқу құралын, «Қазақтың мақал-мәтелдері» (2005), «Шынашақ» (1992), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сылдырап өңкей келісім» секілді тақырыптық, антологиялық кітаптарды, Б.Кенжебайұлының 5 томдық, Ә.Тәжібаевтың 3 томдық таңдамалы шығармалар жинағын құрастырды. Орыс ертегілерін, Молдаван жазушылары шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ғалым-сыншының «Арыстар мен Ағыстар» (2004–2007) аталатын алты томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылып басылған.
«Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008). Филология ғылымдарының докторы, профессор, Гуманитарлық Ғылымдар академиясының, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста