Қонаева Рауза Меңдіахметқызы 1934 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. .Биология ғылымының докторы, профессор.
Қазақстан Ғылым академиясы Ботаника институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1983 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы М.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының зертхана меңгерушісі болған. «Гидролитические и окислительные ферменты обмена фенольных соединений растений» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері энзиология мәселелеріне арналған. 1 авторлық куәліктің иегері.
Қонаева Рауза Меңдіахметқызы
Последние статьи автора