Қолан Аманов
Қолан Аманов 1932 жылы 27 қарашада Жамбыл облысының қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құмарық ауылында (бұрынғы Подгорный селосы) дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін, Мәскеудегі Халық шаруашылығы академиясын бітірген. Сол жылдардан бері қаржы саласында еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық қаржы мекемелерін басқарды. Республика қаржы министрінің орынбасары, республикалық Бақылаутексеру басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Төрт кітаптың авторы. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан «Шынар» әңгімелер жинағы жарық көрді. Ілешала «Кие», «Сең» секілді әңгімелер мен повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. Одан кейін «Үрей» романы жарық көрді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисі.