Қилымғали Қайненұлы Қайненов 1952 жылы 15 наурызда Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылдық кеңесінде дүниеге келді. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын 1973 жылы бітірді. Мамандығы – математика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын Маңғышлақ облысы №549 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Одан кейін Гурьев политехникалық техникумында оқу өндірісі шебері, мұнай бөлімінің меңгерушісі, информатика пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасады. 1987 – 1989 жылдары Гурьев қаласы №16 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 1989 – 1996 жылдар аралығында Гурьев облысы Білім басқармасы бастығының орынбасары. 1996 – 1999 жылдары – Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының директоры. 1999 – 2002 жылдары – Атырау облысы Білім және спорт басқармасының бірінші орынбасары. 2002 – 2005 жылдары – Атырау облысы Білім беру департаментінің директоры. 2005 – 2006 жылдары – Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры. 2006 жылдан 2008 жылдың 25 қаңтарына дейін – Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың 25 қаңтарынан бастап – Атырау облысы Білім беру департаментінің директоры (облыс әкімінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен – Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы). 2010 жылдың қараша айынан бастап Мақат ауданының әкімі. 2012 жылдың мамырынан бастап Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 10 жыл» медальдарімен марапатталды.
Қилымғали Қайненұлы Қайненов
Последние статьи автора