Қасымбек Жеңіс Махмудұлы
Қасымбек Жеңіс Махмудұлы 1975 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Еуразия университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Темірбанк» ААҚ бас банкир болып бастады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарған. 2005 жылғы қарашасынан Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі. 2009 жылғы 12 наурыздан 2014 жылғы 7 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған. 2014 жылғы 7 наурызда Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдерімен марапатталған.