Қарлығаш Еженова
Қарлығаш Еженова 1970 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. «Панорама» апталығының шолушысы, Алматы қ. әкімдігінің баспасөз хатшысы, ҚР стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі Агенттігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Golden Eagle Partners компаниясы PR-департаментінің жетекшісі, «East Print» және «Эксклюзив» ЖШС-нің директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның бренд-кеңсесінің директоры, директорлар кеңесі аппараты басшысының кеңесшісі, «БТА Банк» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
«Свидетели» кітабының авторы, «Қоғамдық-саяси процестердің динамика-сы» монографиясының тең авторы, «Қазақстан: экономикалық реформалардың тарихы» кітабының редакторы.
Қарлығаш журналистика саласындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екі премиясының, сондай-ақ Қазақстан журналистер одағы премиясының лауреаты. «Эксклюзив» журналының шығарушысы.