Қанат Рахматуллаұлы Сәлменов
Қанат Рахматуллаұлы Сәлменов 1955 жылы 11 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетикалық институттың түлегі, мамандығы жылу электростанциясы – жылуэнергетика инженері.
Еңбек жолын 1978 жылы 11 қыркүйекте Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтында инженер болып бастаған. 1981 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айы аралығында - Алматы ОКС жылу жүйесі кәсіпорынның инженері болып істеген.
1981 жылдың наурызы мен 1991 жылдың ақпанына дейін жетекші инженер, бөлім басшысы, Алматы қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Министрлігінің бас технологы болып қызмет еткен. 1991 жылдың наурыз айынан бастап 1993 жылдың мамыр айы аралығында - Алматы қаласы «Концерн Казжилкомхоз» кешенінің басшысы болған. 1993 жылдың мамыр айынан бастап 1999 жылдың желтоқсан айына дейін коммерциялық жекеменшік шағын кәсіпорын директоры болып келген. 1999 жылдың желтоқсан айынан бастап 2000 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы сауда және энергетикалық индустрия құрылысы Министрлігінің ісі жөніндегі Комитеттің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап 2005 жылдың қаңтар айына дейін Алматы қаласы коммуналдық меншік басқармасы жөніндегі Департаментінің бөлім басшысы болып істеген. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық Департаменті директорының орынбасары болып келген. 2007 жылдың сәуірінде Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.