Қанат Қартайұлы Ермекбаев

Қанат Қартайұлы Ермекбаев

1951 жылы 15 қаңтарда Жезқазған облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ермекбаев Қартай журналист болып жұмыс істеген. Анасы - Ермекбаева Жібек Төлегенқызы, зейнеткер, кондитер фабрикасында шебер болып істеген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін (1974) дәрігер мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік университетінің қаржы және несие факультетін (1994) экономист мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясыныңтақырыбы: «Тетенше жағдайлар кезіндегі халық мекендеген ортаның және олардың денсаулық жағдайының гигиеналық-экологиялық және эпидемиологиялық сипаттамасы» (2002). «Төтенше жағдайлардағы гигиена және эпидемиология бойынша нұсқаулар», «Байқоңыр» ғарыш айлағының жұмысына байланысты халықтың денсаулық жағдайына мониторинг жургізуді негіздеу», «Қарқаралы ауданында жүргізілген скрининг нәтижелері бойынша ересек тұрғындардың денсаулық жағдайына талдау жасау» (1999-2000), «Медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша Қарқаралы ауданындағы балалардың денсаулықжағдайы» (1999-2000), «Протон» тасымалдағыш-зымыранның құлауына байланысты апаттық жағдайларды жою кезіндегі санитарлық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу», «Қарағанды облысындағы гематологиялық қызметті ұйымдастыру», «Байқоңыр» ғарыш айлағының халықтың денсаулығына әсерінің өзекті мәселері» атты 7 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1974 жылдан - облыстық-клиникалық аурухананың интерн-дәрігері (Қарағанды). 1975 жылдан - Қарағанды қаласындағы №4 қалалық аурухананың хирург-дәрігері. 1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1978 жылдан - Қарағанды қаласындағы №2 емхананың гематолог-дәрігері. 1979 жылдан - Қарағанды қаласындағы №3 қалалық емхананың травмотолог-дәрігері. 1980 жылдан - Қарағанды мемлекеттік медицина институтының ортопедиялық травмотология және әскери-далалық хирургия кафедрасының аға дәрігері. 1981 жылдан - «Қарағандыкөмір» ӨБ медициналық санитарлық белімінің травмотология бөлімшесінің меңгерушісі. 1986 жылдан - облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері (Қарағанды қ.). 1999-2006 жылдары - Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2008 жылдан - ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы жобасының менеджері. 2009 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет керсету саласындағы бақылау комитеті терағасының орынбасары, Стратегиялық даму департаментінің директоры. 2010 жылдың сәуірінен бері - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет төлемдері комитетінің терағасы. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің уздігіне» белгісімен (1999); «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» (1978), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған. Әскери атағы - медициналық қызмет капитаны. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік стандарттарға сай келетін ел». Хоббиі - кітап оқу, монша. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Үйленген. Жұбайы - Ермекбаева Бақытгүл Әбікенқызы (1962 ж.т.), профессор. Қыздары- Ермекбаева Махаббат (1983 ж. т.); Ермекбаева Қымбат (1987 ж. т.).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста