Қанат Оспанұлы Қожахметов
Қанат Оспанұлы Қожахметов Алматы қаласында 1965 жылы 24 мамырда дүниеге келген. 1988 жылы КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, мамандығы заңгер.
Еңбек жолын 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысының ІІБ-де ведомстволық емес күзет қызметінің милиционері болып бастады, кейіннен осы ІІБ-де қылмыстық іздестіру қызметінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі лауазымдарын атқарды. Одан арғы қызметін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қылмыстық іздестіру басқармасында жалғастырды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ-де, МТК-да (Мемлекеттік тергеу комитеті), Алматы қаласының ІІББ-де әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Алматы қаласының Әуезов АІІБ-нің бастығы, Алматы облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 2005-2006 жылдары - Алматы облысының ІІД бастығы. 2006 жылғы тамыз - 2008 жылғы желтоқсан аралығында - Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2009-2011 жылдары Есірткіге қарсы Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілетті өкілі (ОАӨАҮО). 2012 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы.
Полиция генерал-майоры. Бірқатар ведомстоволық және үкіметтік наградалары бар.