Қанат Ескендірұлы Баеділов
Қанат Ескендірұлы Баеділов 1967 жылы 19 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын, 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары – Алматы облыстық қаржы басқармасы Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылау-тексеруші болып бастады. 1992-1998 жылдары – Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитетінің аға бақылау-тексеруші, бас бақылау-тексеруші, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығы комитетінің басқарма бөлімінің бастығы. 1999-2002 жылдары – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы. 2003-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының міндеттерін атқарушысы, төрағасы. 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2009 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы. 2014 жылдың шілде айында Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2001 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен, 2005 жылы – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, 2005 жылы – «Құрмет» орденімен, 2005 жылы – «Салық қызметінің үздігі» атағымен, 2009 жылы – Салық қызметінің 18 жылдығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.