Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Милиция генерал-лейтенанты. 1979 жылдан бастап - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары. 1988 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары. 1989 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы. 1992 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан бастап - Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы. 2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарімен марапатталған. ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.