Қалила Нематұлы Омаров

Қалила Нематұлы Омаров 1957 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы Жанақорған қыстағында дүниеге келген. Кинорежиссер-оператор. 1992 жылдан Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі. 1-2 сыныпты Жаңақорған қыстағындағы №163 мектепте, 3 сыныпты Төменарық станциясындағы Романов мектебінде, 4-10 сыныпты Жаңақорғандағы №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыған.
1975-1977 жылдары Совет Армиясында қызмет етті. 1978 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту училищесінің кино-фото факультетіне оқуға түсті. 1982 жылы күйші-сазгер Құрманғазы туралы түсірген «Кісен ашқан» қысқаметражды фильмі «Ақ түндер-82» кинофестивалінде бас бәйгені жеңіп алған. Н. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының кино-фото факультетінде оқып жүрген Қ.Омаров отбасы жағдайының қиындығына орай елге оралуға мәжбүр болды. 1985-1987 жылдары Жаңақорған ауданы мәдениет үйінде жұмыс істеп, Әмір Мажитовтың «Бір үзім нан» спектаклінде Иван Хлебниковтың рөлін сомдайды. 1986 жылы Республикалық «Театр көктемі» фестивалінде бұл спекталь бас жүлдені жеңіп алды. 1987 жылдан «Қазақтелефильм» студиясында режиссер, 1998 жылы «Aлатау» ұлттық телеарнасының бас режиссері, кейіннен ҚР Президенті «Телерадио-кешенінің» режиссері болды.
1999-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде дубляж режиссері. 2006-2010 жылдары Ш.Аймманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер болып жұмыс істеген.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1996). ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ІІ дәрежелі «Қайсар» ордені (1997). Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері (2009). «Бауыржан Момышұлы» құрмет белгісімен (2010) марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста