Қали Қошқарұлы Сәрсенбай 1959 жылы 22 наурызда Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1982-1988 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің корректоры, «Өркен - Горизонт» газетінің жауапты хатшысы. 1990-1995 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - «Парасат» журналы бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылдары «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары болған. 2005 жылдан бастап «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты.
Қали Қошқарұлы Сәрсенбай
Последние статьи автора