Қайролла Төлейұлы Ғалеев
Қайролла Төлейұлы Ғалеев 1967 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Чистовский совхозында дүниеге келген. 1994 жылы Ақмола ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры дипломын алды.
Еңбек жолын 1989 жылы «Отделстрой» ҚМБ 3 дәрежелі электриктен бастады. 1990 жылы Булаев ауданы «Авангард» кеңшарындағы мал шаруашылығында аға дәнекерші болып істеді. 1994-1998 жылдары - Булаев ауданы «Дәурен» ҚШ инженер-механик болып жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары - Булаев минципальдық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының конкурстық басқарушысы лауазымында болды. 2000-2002 жылдары - Булаев «Сельхозмеханизация» МКК астық қозғалысы жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді. 2006-2009 жылдары - «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2009-2011 жылдары «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары лауазымын атқарды. 2011-2012 жылдары «Коммунхоз» МКК директоры болып жұмыс істеді. 5-ші шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды. 2012 жылғы қазаннан бастап Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары.