Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев 1964 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заңгер. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1985-1988 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы Прокуратурасының тергеушісі.
1988-1991 жылдары ОҚО Прокуратурасы, бөлім бастығының орынбасары, тергеу басқармасының прокуроры.
1991-1993 жылдары Арыс ауданаралық прокуратурасының прокуроры.
1993-1995 жылдары ҚР Бас Прокуратурасы Аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқарма бастығы.
1995-1997 жылдары ҚР ІІМ Мемлекеттік тергеу басқармасы бастығының орынбасары, жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Мемлекеттік тергеу департаментінің бастығы.
1997 - 2000 жылдары ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы.
2000-2002 жылдары ҚР Парламенті Заң шығармашылығы және мониторинг орталығының директоры.
2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжіліс аппараты заңнама бөлімінің меңгерушісі.
2004-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары.
2006-2008 жылдары ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының кеңесшісі.
2008 жылдан «KEGOC» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы директоры.
Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев
Последние статьи автора