Қайрат Серікұлы Қырымов
Қайрат Серікұлы Қырымов 1969 жылы 23 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. «Андерсон колледжін» (АҚШ) экономист мамандығы бойынша (1992); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (1993) философия-экономика факультетін; Атырау мұнай мен газ институтын (2000) инженер- экономист мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан - «Алтын Алма» ЖШС коммерциялық директоры. 1996 жылдан - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы ҚР Елшілігінің экономикалық мәселелер жөніндегі үшінші хатшысы. 1998 жылдан - «Сентрал Азия Петролиум» компаниясының басқарушысы. 1998 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экономика, қаржы және коммерция жөніндегі бірінші вице-президенті, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ бас директорының экономика, қаржы және коммерция женіндегі бірінші орынбасары. 1999 жылдан - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті, басқарма мүшесі, экономика, қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті, басқарма мүшесі 2001 жылдан - «Қазтеңізтасымалфлот» ҰТТК» ЖАҚ бас директоры. 2004 жылдан - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры 2006 жылдан - «Меркурий» АҚ басқарма бастығы. 2009 жылдан бері - «Kazakhstan Petrochemical Industies»» АҚ басқарма төрағасы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен марапатталған.